KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 5,2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Бал барлық балаға жетпей отыр.

14.04.2012, 18:00 215


Өткен жылы облыс әкімінің тапсырмасымен оқушыларға әр күні кем дегенде он грамнан бал беру жолға қойылған еді.
Айталық, өткен жылы Өскемендегі жалпы білім беретін мектептерде оқитын 30337 оқушының балмен тек 4656-сы ғана тұрақты қамтылған. «Тұрақты» деп айтуымызға себеп: бұл балалар әлеуметтік жағдайы аз қамтылған немесе асыраушысы жоқ балалар екен. Олардың тегін тамақтануына қалалық бюджеттен қаржы бөлінген көрінеді.

Қалалық білім бөлімінің бас маманы Нұрлан Дүсіпқызының айтуынша, қала мектептерінің барлығының ас мәзірінде бал бар екен. ¤ткен жылы бұл мекеме арқылы 74 805 келі бал сатып алу үшін 82 285 теңге қаражат қарастырылыпты. Оның 11 120 теңгесін қалалық білім бөлімі бөлсе, 71 165 теңгесін ата-аналар қалтасынан шығарған көрінеді. Осы мәліметтерді алып, енді қала мектептерінде аталған мәселеге байланысты нақты жағдайды өз көзімізбен көруге ниеттендік.

Сонымен қаладағы №45, №1, №20 мектептерге ат басын тіредік. Үш мектептің де асхана қожайындарымен тілдестік. Олардың сөзіне қарағанда, күн сайын әр балаға 20 грамнан бал беріліп тұрады. Бұлардың сөзінің айғағындай, аталған мектептердің ас мәзірлерінде бал айпарадай болып, жазылып тұр. Асхана қожайындарының айтуынша, бал балалардың шайына немесе түрлі ұн өнімдеріне қосылып берілетін көрінеді.

Барған жерімізден байқағанымыз, балалардың бюджет есебінен тамақтанатынынан басқаларының күн сайын бал жеп отырмағаны. Айталық, №45 мектептегі 725 баланың 201-і, №1 мектептегі 782 баланың 200-і , №20 мектептегі 690 баланың 153-і ғана бюджет есебінен қамтылады екен. Ал, қалғандарының мектеп асханасынан тамақтану-тамақтанбауы өз еріктерінде көрінеді.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив