KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
441.8 480.02 4.88

Сенбілікте ұйымшылдық танытты

13.04.2012, 18:00 183



Кеше, жұма күні Күршімде санитарлық тазалық, көгалдандыру мен абаттандыру айлығының басталғандығын айғақтайтын сенбілік өтті.Күні бұрын мекемелеріне тиесілі аумақты тәртіпке келтірген еңбек ұжымдары өздеріне бекітілген көшелерде қоқыс жинап, арықтарды тазалады.

Сенбілікке дейінгі бір аптада мемлекеттік қызметшілер, мұғалімдер, оқушылар мен медқызметкерлер көшелерді аралап, тұрғындармен тілдесіп, санитарлық тазалық бойынша шараларға қатысуға, үйлеріне қарасты аумақты тазалауға шақырған болатын. Атап айтарлығы, ауыл тұрғындарының көпшілігі ешкімнің ескертуінсіз-ақ жер дегди бастаған соң аулаларын, үй-жайларының маңайын ретке келтіре бастады.

Кейбіреулер сенбілікке дейін, енді біреулері сенбілік күні қыста жиналып қалған қоқысты жинауға шықты.Сенбілік қарсаңында Күршімнің көптеген кәсіпорындары мен мекемелерінде «Таза жұма» жарияланды.

Сенбілікте ұйымшылдық таныттыӘкімшілік ғимараттың аумағын тазартуға аудандық білім бөлімі, музыка мектебі, балалар шығармашылығы үйі, редакция, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, дене шынықтыру және спорт бөлімі, мұрағат ұжымы бірлесіп шықты.

Бүгінде ондаған мекемелер орналасқан бұрынғы мектеп-гимназияның аумағы үлкен, бірақ еңбек ұжымдары мүшелерінің ұйымшылдығы мен жауапкершілігі арқасында бірнеше сағаттың ішінде аумақ тәртіпке келтірілді. Біреулері сыпырып, қоқысты бірден арнайы орынға шығарып тұрған автокөлікке тиеп жатса, енді біреулері қоршау жиегіндегі арықты тереңдетіп, тастармен көмкерді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив