KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 3 м/с, В
441.66 475.14 4.86

Онкологиялық орталық Семейде құрылады

11.04.2012, 18:00 277


Елбасының биылғы халыққа Жолдауындағы тапсырмаға сай жасалған еліміздегі онкологиялық қызметті дамытудың салалық бағдарламасын кешенді жүзеге асыру мақсатында Семейде Алматы, Павлодар, Өскемен қалаларының жетекші мамандары аталған жобаны талқылады. Ал таяу арада қалалықтар мен ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсететін аймақтық онкологиялық орталық Семейде ашылатын болды.

«Мұның өзіндік себебі бар» дейді Қазақ онкологиялық- радиологияық ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары. Олардың айтуынша, онкологиялық аурулар бойынша Шығыс Қазақстан облысы, оның ішінде Семей қаласы 1-орында тұрған көрінеді. Қатерлі ісіктерді ерте анықтау жөніндегі скринингтік бағдарламаның негізгі мақсаты – адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастардың өмір сүруін ұзарту, өлім-жітімді азайту.

Алайда, мамандардың сөзіне құлақ салсақ, Қазақстанда жоғары технологиялық зерттеу әдістері дамымағандықтан, отандастарымыздың көбі ем-дом алу үшін шетелдік мамандарға жүгінуде. Бұған қоса елімізде онколог- мамандардың тапшылығы тағы бар. Қазір елімізде жұмыс істеп тұрған 18 онкологиялық орталық пен 279 арнайы кабинеттің өзі аздық етуде.


Бүгінде Семей өңіріне қарасты алты аудан мен Курчатовты қоса есептегенде 1300 адам тіркеуге алынған. Мамандардың жүргізген сараптама нәтижесі де көңіл көншітерліктей емес: алдыңғы орында өкпе обыры, одан кейінгі орындарда әйелдердің сүт безі обыры мен асқазан обыры тұр. Қазақ онкологиялық-радиологиялық ғылыми-зерттеу институты өкілдерінің айтуынша, бұл дәйектер әлем назарын аудара бастаған. Қазір облыстық әкімдіктің қолдауымен аталған жобаға 291 миллион теңге бөлініп, оның үстіне 49 миллион теңгенің екі заманауи биохимиялық анализаторы алынады деп жоспарланып отыр.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив