KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 4 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Аягөздіктер онкологиялық тексеруден өтті

3.09.2012, 18:00 134


Аудандық орталық ауруханада Семей қаласындағы аймақтық онкологиялық диспансердің білікті мамандары аягөздік тұрғындарды арнайы келіп медициналық тексерулерден өткізді.

Олардың қатарында аймақтық он-кологиялық диспансер директорының орынбасары Нұргүл Жұмықбаева, медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер-онкомаммолог Мұрат Нұрғазин, дәрігер-радиолог, онкогинеколог Ерғанат Сәбеков, онкологиялық диспансердің бөлім меңгерушісі Әсел Абилченова, дәрігер-цитолог Жанар Қыдырбаева болды.

Екі күнде дәрігерлердің қабылдауында 200-ден астам адам болып, тексеруден өтті.

Елбасының «Әлеуметтік-экономи-калық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты биылғы халыққа Жолдауында көрсетілген денсаулық саласын жақсарту, оның ішінде онкологиялық ауруларға жәр-демді арттыру, медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін көтеру, онкологиялық қызметті жақсарту сынды міндеттерді жүзеге асыру мақса-тында келген білікті мамандарға қа-ралған адамдар дәрігерлерге деген ризашылықтарын білдірді.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив