KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
443.72 482.28 4.9

Жұрттың хал-ахуалына қанығып жүр

10.04.2012, 18:00 83


Өңірлерді аралап, халықтың хал-ахуалымен танысу мақсатында, облысымызға Парламент мәжілісінің V- шақырылымының депутаттары келді.
Мәжіліс депутаты Майра Айсина ұшақтан түсе салысымен облыс орталығындағы «Үлбі» тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсету орталығына ат басын тіреді.

1000-нан астам адамға, әсіресе, зейнеткерлер мен мүгедектерге көмек беріп, күйзеліске ұшыраған аналар мен балалардың жанына медеу болып жүрген бұл орталықтың атқарып жатқан ісі көп. 206 адам қызмет ететін орталықтың әр бөлмелерін аралап көрген депутат, орталықтың жұмысымен танысты. Мұнда ашылған дағдарыс жағдайларын шешу жөніндегі әлеуметтік психологиялық көмек көрсету бөлімі бүгінде талай жанға рухани көмек беріп қана қоймай, ана мен баланың өмір сүруге деген зор құлшыныстарын оятып бағуда.

Бұл жерде ардагерлер кеңесі орын тепкен. Қарттар бас қосып, түрлі мәселелерді талқылайтын киелі орында, «Рябинушка» ансамблі халық қалаулысын әсем ән, күмбірлеген күймен қарсы алды. «Әу демейтін қазақ жоқ» демекші Майра Арапқызы да қарап қалған жоқ, өнерпаз зейнеткерлермен бірге әнге ерік берді. Қарттардың хал жағдайын сұрап білген депутат, олардың әлеуметтік мәселелер төңірегіндегі сауалдарына жауап берді.

– Шығысқа бұрын да қызметтік сапармен келгенмін. Бірақ ол сапар ат үсті болған еді, бұл жолы өңірді асықпай 10 күн аралап, халықтың жағдайымен тереңірек танысуға мүмкіндік туып тұр. Бұл орталықтың қызметі шынымен де әлеуметтік жағынан тұрғындар үшін аса пайдалы екен. Айтылған сұрақтардың бәрін негізге алатын боламыз, – дейді Майра Айсина.

Мәжіліс депутаты енді Ұлан, Глубокое, Бородулиха аудандарына барып, тұрғындармен жүздеспек.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив