KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 4 м/с, З
441.58 480 4.86

Абайлық оқушылар Астанада болып, Парламент Мәжілісінің жұмысымен танысты

24.01.2013, 18:00 181


Абай ауданының 21 оқушысы 20-24 қаңтар аралығында Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильяновтың шақыртуымен және демеушілік танытуы арқасында Астана қаласында болып қайтты , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Абайлық балғындар үшін ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайына, «Бәйтерек» кешеніне, Бейбітшілік пен келісім сарайына, Тәуелсіздік сарайына, «Думан», «Хан шатыры» көңіл көтеру орталықтарына, басқа да мәдени орындарға саяхат ұйымдастырылды.

21-қаңтар күні оқушылар Парламент Мәжілісінде болып, жерлес депутаттың жұмыс орнымен танысты. Депутат өз кезегінде жас өспірімдерге Парламентте заңдардың қалай қабылданатыны жайлы әңгімелеп берді. Содан кейін балғын қонақтар Мәжіліс ғимаратын аралап көрді.

Еліміздің бас қаласының көрікті жерлерін аралап, халық қалаулысының жұмыс орнымен танысқан абайлық оқушылар жылы лебіздерімен бөлісті.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив