KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
476.27 515.47 5.41

ШҚО-да өзен арқылы трактормен өтпек болған 3 адам батып кетті

5.04.2012, 18:00 100


Шығыс Қазақстан облысында өзен арқылы өтпек болған трактормен 3 адам батып кетті, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«4 сәуірде 14 с. 37 мин. Абай ауданы Тоқтамыс ауыл округінде Шаған өзенінің үстімен өтпек болған трактор суға төңкеріліп, ішінде болған мына заматтар: 1961 жылы туған Есентай А., 1992 жылы туған Жуматаев Е. мен 1977 жылы туған Балиев С. – суға батып кетті», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, олардың денесін судан 5 сәуір сағат 08.00-де ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы су-құтқару қызметінің 4 қызметкері 2 техникасының көмегімен алып шықты.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив