KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Жол жөндеуге қыруар қаржы бөлінгенімен...

4.04.2012, 18:00 143


Республикалық алты дәліздің бірі болып есеп-телетін «Бақты – Таскескен» күре жолының құрылысы алты-жеті жыл болды, әлі біткен жоқ. Алғашқы жылдары өте сапалы, қалың, ұзақ уақытқа төтеп беретін тамаша жолдар пайда болып еді, кейінгі жылы «Жилдорстрой» компаниясы салып жатқан жолдар бұрынғы жылдары салынған жолдарға ұқсамайды. Тіпті былтырғы салынған жолдардың қиыршық тастары қазірден шашылып жатыр.

Жолдарды жөндеуге жыл сайын қыруар қаржы бөлінеді. Мәселен, былтыр жергілікті маңызы бар жолдарға 130 млн. 481 мың теңге қаржы бөлініп, соның ішінде қысқы күтіп ұстауға 40 млн. 500 мың теңге және ағымды жөндеу жұмыстарына 89 млн. 981 мың теңге жұмсалды.

Аудан орталығынан ауыл-ауылдарға баратын жолдар «Жол картасы» бағдарламасы барысында жөндеуден өтіп, бір қалыпқа келе бастады. Сонымен қатар, Үржардың өзіндегі Семушкина, Гагарин, Сейфуллин, Қабанбай көшелеріне және мәдени-демалыс саябағына баратын Старакожев, Игенбаев және Жамбыл көшелеріне, сол сияқты 9 бағыттағы автокөлік жолдарына тегістеп қыру жұмыстары жүргізілген.

Жалпы, сметалық құны 1 млн. 638 мың теңге болатын республикалық маңызы бар «Таскескен – Бақты» автомобиль жолының 133 – 146 шақырымына (ұзақтығы 13 шақырым) қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, өткен жылдың қараша айында толықтай пайдалануға берілді.
Былтыр «Барлық- Арасан – Алакөл көлі» көлік жолының 15 – 23 шақырымына дейін және «Мақаншы – Жалаңашкөл» жолының 40 – 79 шақырымы аралығындағы шұңқырларға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көлемі 3 мың шаршы метр жолға асфальт төселді.

Көктем мезгілінде үздіксіз жауған жаңбырдың салдарынан зиян шеккен Таскескен ауылындағы 3 көпірді және Сегізбай ауылындағы 2 көпірді қалпына келтіру мақсатында облыстық бюджеттен 12 млн. 808 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2011 жылы Үржар ауданының елді мекендерін көркейтуге және көгалдандыруға аудандық бюджеттен 8 млн. 398 мың теңге және санитарлық тазартуға 8 млн. 900 мың теңге қаражат қарастырылып, толықтай игерілді.

Биыл да біраз жолдар жөнделмек, дегенмен, жолшылар өз істерінің сапасына көбірек көңіл аударғандары жөн болар еді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив