KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 2 м/с, ОБ
478.96 533.03 5.22

Алматыдағы мемлекеттік орталық мұражайда «Наурыз нақыштары» атты көрме өтуде

23.03.2012, 18:00 147


Жеке коллекционерлердің атсалысуымен ұйымдастырылған көрмеде көркемсурет және қолданбалы өнер түрлерінің сан алуан жанрлары ұсынылған. Оның ішінде Әбілхан Қастеев сынды ұлы суреткерлеріміздің бұрын-соңды белгісіз болып келген туындысы да бар.

Гобелен, панно, киіз киімдер, живопись және мүсіндер. Көрмеге жұмысы қойылған авторлардың бірі әлдеқашан дүниеден өтсе, енді бірі өнердің шырқау биігіне бүгін жеткен жастар. Туындылардың жанрлары, бейнелеу мәнері де сан алуан. Дегенмен, оларға ортақ нәрсе – кең пейілді қазақ халқының көктемгі көңіл-күйі. Көктем лебі. Көк жайлау. Көкпар тарту. Қыз қуу. Талшыбықтай майысқан бойжеткендер мен қайраты тасқан бозбалалар. Ақ сәлделі аналар. Көрмедегі әрбір туындыдан қазақ даласының жұпар иісі аңқығандай.

Жанат ТАБЫЛДИЕВА, СУРЕТШІ:
- Қазақ халқымыздың салт-дәстүрі, табиғаты, халқымыздың кең пейілділігі, колористика дейді, қазақ халқының өзінің бояуы, салт-дәстүрі, өзі қазақ халқына тән нақыштарды бейнелеуге тырыстым.

Көрмені ұйымдастырушылардың өнерсүйер қауымға көңіл қуантарлық тосын сыйлықтары бар. Осы уақытқа дейін жеке антикварлар мен коллекционерлердің қорында сақталған көптеген туындылар көпшілік қауым назарына алғаш рет ұсынылып отыр. Соның ішінде грузин суретшісі Кандарелидің 30 жыл бұрын Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде Қазақстан павильонын безендірген гобелендері, атақты қазақстандық суретші Аркадий Горбатовтың этнографиялық тақырыптағы кескіндемелері, Евгений Кимнің туындыларын ерекше атауға болады. Дегенмен, көрменің ең басты жаңалығы – қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы Әбілхан Қастеевтің бұрын-соңды белгісіз болған туындысы.

Бейбітқали ҚАҚАБАЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МҰРАЖАЙЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
- Жұмыс істеу кезінде, жаңағы коллекционерлерді көрмеге тарту кезінде неше түрлі қызық жағдайлар болып жатыр. Соның бірі мына өздеріңіз менің артымда тұрған «Шалкөде жайлауы» деген Қастеевтің суреті. Баяғыда салынған нәрсе, 50-ші жылдары салынған болу керек, бірақ ешқандай көрмеде болмаған, жеке адамның коллекциясында сақталған.

Көрмеге қазақстандық жеке коллекциялардан алынған 100-ден астам туынды қойылды. Оның жұмысы сәуір айына дейін жалғасады.

http://khabar.kz/




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив