KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 1,3 м/с, ОБ
439.4 473.54 4.76

Ұланбатырда "Бүркітшілер тойы" өтеді

14.01.2019, 05:45 318


«Бүркітшілер тойы» Шығыс Қазақстандағы Барқытбел баурайында өтетін еді. Сондай-ақ өткен жылы қазан айының алғашқы аптасында Баян-Өлгийде құсбегілер қосылып, саят құрды. Енді, міне, көктем туа Моңғолия астанасы Ұланбатырда жалғасын таппақшы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«Бүркітшілер тойы» Ұланбатыр қаласында 3-4 наурыз күндері өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл шешім Ұланбатыр қалалық туризм басқармасы және Моңғолия бүркітшілер одағы арасындағы келісім бойынша бекітілді.


Бүркітпен аң аулау дәстүрі Орталық Азияның көшпенділер арасында 6000 жылдан бері тамыры үзілмей келе жатқан бекзат өнер. Содан бері қазақ қай түкпірде жүрсе де, осы бір дара қасиетінен арылған жоқ. Алтайдың жұмбақ қойнауына саяхаттаған әрбір жан осыған куә болады.


Осыны ескере отырып, тарихы тереңге жайылған дәстүрді насихаттап, шетелдік туристерге көрсетіп және сол туристердің сұрауы бойынша Моңғолияда «Бүркіт тойы» жылына екі рет өтетін деңгейге жетті дейді ұйымдастырушылар.


Той қарсаңында Ұланбатырда қазақ халқының ұлттық ойындары, салт-дәстүрлері мен ұлттық киімдері таныстырылады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив