KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 7 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Өскеменде өрттің беті қайтпай тұр

18.03.2012, 18:00 173


Жыл басынан бері Өскемен қаласында 51 өрт оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 6 адам көз жұмған. Бұл туралы төтенше жағдайлар басқармасы мәлім етті.


Мамандардың айтуына қарағанда, тілсіз жаудың негізгі ошағы тұрғын үй секторы болып табылады. Мәселен, қаладағы Баллис-тическая көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт шығып, 2 шаршы метр аумақты шарпыған. Андреева көшесінде орналасқан моншаның шатыры тұтанып, 0,5 шаршы метр жер қызыл жалынға оранған. Морозная көшесіндегі қоқыс-қалдықтар да өртеніп, жұртты біраз әбігерге салған.
– Көп жағдайда тұрғын үйлерде, ауладағы құрылыс ғимараттарында, гараждарда өрт шығып жатады. Мұның бәрі адамдардың қарапайым өрт қауіпсіздігін дұрыс сақтамай, сіріңке, шылым, от бүріккіш лампа сияқты заттарды қалай болса солай пайдалануынан туындайды.

[url=http://altaynews.kz/admin.php?mod=addnews&action=addnews]altaynews.kz[/url]




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив