KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность Штиль
443.44 480.51 4.88

Cемейде №12 мектеп өртенді

19.06.2016, 18:00 243




Семей қаласында №12 мектеп өртенді, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Қаладағы №12 орта мектептің ғимараты қызыл жалынға оранғаны жөніндегі хабар кезекші бөлімге сағат 04:00 шамасында түскен. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер кірпіштен салынған 3 қабатты ғимараттың бірінші қабатындағы бөлменің жанып жатқанын анықтаған.

Тілсіз жаудың беті дер кезінде қайтарылды. Қызыл жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртпен айқасқа 26 адам мен 7 техника жұмылдырылған. Алдын ала болжам бойынша, өрт қасақана қойылуы мүмкін. Өйткені терезе шағылыпты. Дәл қазір оқиғаның анық-қанығын полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Бұл туралы Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы хабарлап отыр.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив