KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОБ
484.11 528.79 5.03

Қырғыз нөмірлі көліктер ертеңнен бастап елде еркін жүре алмайды

18.03.2012, 18:00 187


Еліміздегі қырғыз нөмірлі көліктердің құжаттарын реттеп алуға бүгінге дейін уақыт берілген еді. Ертеңнен бастап, олардың құжаттары қайта тексерілетін болады.

ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетіндегі (КБК) мәлімет бойынша, қазір Қырғыз Республикасынан әкелінген 17352 көлік бақылауда тұр екен. Олар біздің елге уақытша әкелінген. Кедендік рәсімдеу жолаушылар кедендік декларациясын пайдалана отырып, кедендік төлемдерді және салықтардан босату арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ көлік ҚР аумағында 1 жылдан артық болмауы тиіс.

Сонымен қатар, тәжірибе көрсетіп отырғандай, шетел азаматтары ел аумағына уақытша жеткізген автокөліктер Қазақстан азаматтарына кедендік декларациялаусыз сенімхат рәсімдеу арқылы беріледі. Бұл қолданыстағы кеден заңнамасы бойынша заңсыз болып табылады.

Тиісінше ҚР аумағында осындай көлік құралдарын жүргізетін қазақстандық тұлғаларда Кеден одағының кедендік шекарасынан өткенін растайтын кедендік декларациялар жоқ.

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы көлік құралдарының өтуінің заңдылығы бойынша тексеру жүргізілуде. Кеден заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайда кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Сонымен қатар кеден органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты тексеру жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша, қызметтік міндетін дұрыс атқармаған тұлғаларға тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылады.

ҚР ҚМ КБК келешекте үшінші елдерден әкелінген көлік құралдарын Кеден одағының аумағында пайдалану заңдылығын орнату бойынша жедел шараларды жүргізу жұмыстарын жалғастыратын болады.

1tv.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив