KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 1 м/с, С
441.79 478.77 4.9

Ағылшындар «ақылды» жәшік ойлап тапты

18.03.2012, 18:00 251


Жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында Ұлыбритания астанасының орталық көшелерінде сұйық кристалды экрандары бар «ақылды» қоқыс жәшіктері орнатыла бастады.

http://timeszp.com/public/upload/images/img/0001/00007//мусорка%20лондон.jpgЛондонда жарты жыл бұрын болған тәртіпсіздіктерді ескерген қала басшылығы бұл жәшіктердің «күшейтілген» нұсқаларын жасатқан. Сонымен қатар, мұндай жәшіктер кішігірім жарылғыш заттың күшіне төтеп бере алады. Жәшіктің бүйір қырларында орналасқан екі LCD дисплей қала қонақтарын өзекті жаңалықтармен таныстырады. Экран беттеріне келіп түсетін ақпарат әрдайым өзекті болу үшін жүйе Wi-Fi модулі арқылы ғаламторға қосылады. Қазіргі уақытта Лондонда әрқайсысының құны 47 мың АҚШ доллары болатын жәшіктердің 25 данасы тұр. Олимпиаданың басталуына дейін қала әкімшілігі қосымша 75 жәшік орнатпақ. Осындай жәшіктерді сатып алуға Нью-Йорк, Токио мен Сингапур қалаларының басшылары ұсыныс білдірген.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив