KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

«Қарны жуан» полицейлердің жалақысы қысқартылады

15.03.2012, 18:00 135


http://de.trinixy.ru/pics4/20100805/fat_cops_07.jpg Дене шынықтыру бойынша сынақ тапсыра алмаған британдық полиция қызметкерлері тәртіптік және ақша өндіріп алу жауапкершілігіне тартылулары тиіс.

Бұл туралы Ұлыбритания Үкіметінің тапсыры бойынша дайындалған баяндамада мәлім болды.

Зерттеу жұмыстарына сәйкес, Лондонда қызмет ететін полиция қызметкерлерінің 64 пайызы артық салмақпен немесе семіздіктен зардап шегеді. Ендігі жерде «жуан қарынды» полиция қызметкерлері жалақыларының 8 пайызынан айырылулары әбден мүмкін, аталмыш саладағы кейбір мамандар үшін бұл жылына 3 мың фунтты құрайды.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив