KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Сенатор қазақ қыздарын шетелге оқуға жіберуді шектеуді ұсынды

14.03.2012, 18:00 221


Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев қазақ қыздарын шетелге оқуға жіберуді шектеп, елдегі сұлулық байқауларын тек ұлттық киіммен өткізу керек деген ұсыныс айтты. Ол осы жөнінде Премьер-министрге депутаттық сауал жолдаған.

«Біздің қоғамда Батыс мәдениеті терең тамыр жайып барады. Жастарымыз бағыт-бағдарынан айырылды... Болашақ ұрпақтың тағдыры алаңдатып отыр. Ақпараттық агенттіктер шетелдерге оқуға кеткен қазақ қыздарының өлу оқиғалары көбейіп кеткені және олар тап болатын басқа да жағымсыз жайттар туралы жиі хабарлап жатыр. Әрине, қыздардың қайда оқимын десе де, құқықтары бар екенін білеміз. Алайда оқимын деп кеткен қыздардың шетелге өліп немесе кім болса соған тұрмысқа шығып жатқаны қынжылтады» дейді депутат.

Сенатордың ойынша, қазақ қыздарының шетелге оқуға кетуіне мүмкіндігінше шектеу қою үшін өз елімізде толыққанды білім алуына жағдай тудырып, жоғары оқу орындарында отбасының ұлтқа тән құндылықтарын бойларына сіңіру керек.

Сонымен қатар Ж.Ерғалиев еліміздегі сұлулық байқауларына қыздардың жартылай жалаңаш шығатыны да қынжылтатынын айтты. Оның ойынша, бұдан былай мұндай байқауларды тек ұлттық киіммен өткізуге ғана рұқсат берген жөн.

«Батыс мәдениетіне еліктеп жүрген жастар ертеңгі күні өзімізге келіп, біздің ұлттық қағидаларымызға жат бір жыныстылардың үйленуін, ота жасау арқылы жынысын ауыстыруды заңдастырып беруімізді талап етпей тұрғанда, баршаңызды бағыт-бағдарынан айырылып бара жатқан жастардың тәрбиесіне дұрыстап көңіл бөлуге шақырамын» дейді депутат.

1tv.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив