KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Гандилер шеруге шықты

14.03.2012, 18:00 176


«Үндістанның Калькутта қаласында Махатма Ганди болып киінген жүздеген оқушы шеру ұйымдастырды» деп хабарлайды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары.

Естеріңізге салсақ, кезінде үнді халқының ұлт-азаттық қозғалысына жетекшілік еткен Махатма Ганди 1948 жылдың 30-қаңтарында лаңкестік әрекет нәтижесінде көз жұмған болатын.
Осындай біртуар азаматын еске алу мақсатында қала көшелеріне шыққан 10 мен 16 жас аралығындағы 500-ге жуық оқушы «Түрегел!» деп ұрандатыпты. Беттерін Гандиге ұқсастыра гримдеп, үстеріне ұлттық киім киген балалар қаланың орталық көшесімен жүріп өткен-ді.
Аталмыш шара қазірдің өзінде балалардың қатысуымен өткен ең ірі бұқаралық шеру ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізіліп те үлгеріпті.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив