KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Семейде өз «Гиннестің рекордтар» кітабы шықты

3.02.2014, 18:00 199



Әлемдегі ең танымал кітаптардың бірі – «Гиннестің рекордтар» кітабы. Бұған ешкімнің де дауы жоқ шығар. Бұл кітапқа енудің өзі арман. Енді Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің өзінің «Гиннестің рекордтар» кітабы бар. Мұнда рекорд жасаған кез-келген студент өз есімін тіркей алады. Аталмыш кітаптың алғашқы рекордшылары да белгілі болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі университеттің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

31 қаңтар күні «Гуманитарлық-Заң» факультетінің кіші деканат өкілдері «Психология» кафедрасымен бірлесіп, «Гиннестің Рекордттары» атты сайыс ұйымдастырды. Сайыстың салтанатты түрде ашылу рәсіміне «Гуманитарлық-Заң» факультеті деканының орынбасары Ибраева Меруерт Болатқызы, студенттік Парламенттің көшбасшысы Айдос Төлеуханов арнайы қатысты. Жиында сөз алған олар сайыскерлерге өз тараптарынан жылы лебіздерін білдірді.

Семейде өз «Гиннестің рекордтар» кітабы шықты

Бұл сайысқа қатысушылар әртүрлі тақырып бойынша сынға түсті. Оларды қолдауға курстастары, достары жиналды. Жандарына демеу, көңілдеріне медеу болды. Жарысты тамашалауға келгендердің сөзіне сенсек, сайыс өте қызықты әрі тартысты өткен көрінеді.

Сайыстың діттеген мақсаты – студенттердің талантын ашып қана қоймай, олардың басын біріктіру. Ұйымдастырушылар өз діттеген мақсат-мүдделеріне жеткен сынайлы. Себебі, студенттердің арасындағы достық байланыс нығая түсті, көңілдерін де бір серпілткені анық. Жалпы, өткізілген жарыс 7 бөлімнен тұрды. Әр бөлім бойынша жүлдегерлер де анықталды. Мәселен, «12-ші қабатқа дейін жүгіру» бойынша бірінші орынға Ербол Амангелді ие болса, «Суды кім бірінші тауысады?» бөлімінде Абылай Қоспанов үздік өнер көрсетті. Сондай-ақ, Дархан Октябрь, Дамир Шаяхметов, Гүлнұр Түсіп, Азамат Қажыбаев, Ерасыл Бөкейхан сынды университет студенттері түрлі номинацияларды иеленді. Жеңімпаздардың есімдері «Гиннестің Рекордтар» кітабына енгізіліп, әрқайсысына марапат қағаздары табысталды.

Жібек Серғазы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив