KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Жаңаөзенде газ жарылуынан 3 бала зардап шекті

14.03.2012, 18:00 206


Жаңаөзен қаласының адамдар тұрып жатқан уақытша сарайында газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан үш бала зардап шегіп, 37 жасар ер адам жараланды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында бірқабатты уақытша тұрғын үйдің қабырғасы құлады. Қабырға газ жарылуы салдарынан құлаған. Абырой болғанда өрт шыққан жоқ. Орын алған төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 6 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Төтенше жағдайдың салдарынан түрлі жарақат алған 37 жастағы ер адам мен 4, 10, және 13 жастағы үш бала аурухаға жеткізілді» делінген таратылған хабарламада.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив