KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Абай ауданында 3 жасар бала қаза болды

6.05.2012, 18:00 326


Абай ауданында өрт салдарынан 3 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған Altaynews.kz тілшісі.

Анасының киімінің қалтасынан сіріңке тауып алған бала онымен ойнап отырған. Ал ересек адамдар ауладағы шаруалармен айналысып жүрген. Үйде бала ойнап отырған кереует пен төсек жабдықтарынан басқа ештеңе өртенбеген. Баланың аяғын, қолын 4 дәрежелі күйік шалған. Алған жарақаттардың салдарынан бала қайтыс болды.

Есеп бойынша жыл басынан бері өрт салдарынан 6 бала қаза болған. Балалардың отпен ойнауы салдарынан барлығы 7 оқиға, отпен абайсыз болу салдарынан 190 оқиға тіркелген.


Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив