KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 2 м/с, СШ
467.29 501.03 5.35

Тоқылдаған тоқпағым

5.03.2012, 18:00 228


Күршімде тұратын 83 жастағы Тұраханқызы Алтын әжемізді білетіндер аз емес. Көпті көріп, көпті түйген шежіре, әзілқой да ақынжанды әжей кез келген жерде сөз тауып, бірер шумақ өлең шығара қоятын өнерімен де танымал. Бірде ауылдас әйелдердің бірі келіп:

- Апай, күйеуім қатты сырқаттанып жатыр, олай-пұлай болып кетсе қайтем? Әуелі, қалай жоқтауды да білмеймін, - деп уайым айтыпты. Сонда бұл әйелдің күйеуінен көп теперіш көргенін білетін Алтын әжей:
- Оның қанша қиындығы бар?
«Тоқылдаған тоқпағым,
Сайрап қалды-ау соқпағың.
Еш жақсылық көрмеп ем
Ел көзі ғып жоқтадым» деп қайталай бер, - деген екен.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив