KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Жүріп-жүріп таусылып қалады

29.02.2012, 18:00 121


Есімі бүкіл Алтайға әйгілі Қазығұмар бақсыны білетіндер көп. Ал оның туған інісі Самылтырдың сөзге өте тапқыр, әзілқой адам болғанын көнекөз қариялар жыр ғып айтады.
Самылтырдың Баянды деген сыңар жұдырықтай шарға бойлы замандасы болған-ды. Біреу бір күні осы Баянды туралы сөз қозғаса керек.
- Бәкең мен ес білгенде осындай еді, әлі сол қалпы, өле қоятын түрі жоқ, - дейді ол.
- Баянды өлмейді, - деген екен сонда Самылтыр атамыз, - ол өзі жүріп-жүріп таусылып қалады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив