KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
479.05 534.57 5.17

Әйелдерге арналған автобус

4.03.2012, 18:00 94


Малайзиядағы «RapidKL» көлік компаниясы Куала-Лум-пур қаласында 7 бағытта қатынайтын әйелдерге арналған арнайы автобусты жолға шығарды. Ол жолаушылар ең көп болатын таңертеңгі және кешкі уақыттарда жұмыс істейді.

«Бізге нәзік жандар көптен бері осындай ұсыныс жасап келген болатын. Олар бөтен ер адамдармен автобуста өздерін өте жайсыз сезінетінін айтқан» дейді компанияның бас директоры Мұхаммед Хусейн.
Ал бұған дейін жолаушылар пойызында әйелдерге арнайы вагондар қарастырылған болатын. Сондай-ақ, елдің солтүстік штаты Теренгтауда тек бикештерге арналған демалыс орындарын ашу жоспарлануда.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив