KZ
Өскемен
ясно жел 1,4 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Биыл Жаңаөзеннің дамуына 15 млрд.-қа жуық теңге бағытталады

3.03.2012, 18:00 147


Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов өзінің халықпен есеп беру кездесуінде Жаңаөзен қаласын дамыту мәселелеріне ерекше тоқталды.

Өткен жылы қабылданған Жаңаөзеннің 2020 жылға дейінгі кешенді даму жоспарына қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты бірқатар өзгерістер енгізілген еді. Жоспар аясында қаржыландыру сомасы 7 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылып, 46 млрд. теңгені құрайтын болады. Ағымдағы жылы 14,8 млрд. теңге игерілетін болады.

«Жаңаөзендегі мұнай қоры да таусылады, бүгінгі бүлдіршіндердің ендігі 20 жылдан кейін өздеріне лайықты қызметі болуы тиіс. Барлық адамның мұнай мекемелерінде жапатармағай жұмыс жасауы ақылға сыймайды. Оның ақыры мұнай мекемесіне жұмысқа орналасу үшін 3-4 мың АҚШ долларын талап ететін парақорлыққа әкеледі» - дейді облыс әкімі Б.Мұхамеджанов.

Қордаланған мәселелерді бір жылда шешу мүмкін емес, сондықтан жоспар кезең-кезеңімен жүзеге аспақ.

«Әрине, бұл оқиғадан ешкім ұтқан жоқ. Бәріміз ұтылдық. Елбасы айтқандай бұл оқиғадан бәріміз, барлық мемлекеттік органдар сабақ алуымыз керек» ,-деді облыс әкімі.

Маңғыстау облысының басшысы өз сөзінде Жаңаөзенде екінші қалалық емхана құрылысы басталғанын және келешекте 3 ауысымда оқыту проблемасының шешімін табу үшін 624 орындық мектеп салу жоспарланғандығын айтты.

Сондай-ақ Жаңаөзендегі тәртіпсіздік оқиғасына байланысты тергеу жүмыстарының аяқталғанын атап өтті. Сот ашық түрде өткізіледі, тәртіпсіздікті ұйымдастырғандар және қатысушылар заң бойынша жазаларын алатын болады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив