KZ
Өскемен
-4°
ясно жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Жаңаөзен әкімі тағайындалды

8.02.2012, 18:00 182


Жаңаөзен әкімі болып Серікбай Тұрымов тағайындалды. Бұл туралы бүгін қалалық мәслихатта облыс басшысы Бауыржан Мұхамеджанов айтты.

Бұған дейін Серікбай Тұрымов Маңғыстау облысындағы Түпқараған ауданы әкімі болатын.

Облыс басшысының айтуынша, Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеев 8 ақпан күні жұмыстан босатылды.

«Бұл өте ауыр жұмыс. Бір күнде барлық мәселені шешіп тастай алмаймыз. Сіз жалғыз емес, «Өзенмұнайгаз» кәсіпорнымен бірге қордаланған мәселелерді шеше аласыз» , - деді облыс басшысы Б.Мұхамеджанов.

Мәлімет көзі: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив