KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Өскемен: полицейлерге пара бермек болды

28.02.2012, 18:00 91


Өскемен қаласы Ішкі істер басқармасы «Боран-34» экипажының қызметкерлері Нұрлыбек Бүкеев пен Ержан Ахметов кезекті қызметтік кезекшілігі кезінде ұрлық істеген азаматты ұстады.
Қаладағы Гоголь мен Ворошилов көшелерінің қилысында күдікті адамды тоқтатқан тәртіп сақшылары құжаттарын тексеріп қоя береді.

Себебі өзін күдікті қылып көрсеткен 1983 жылы туған азаматтың әрі қарайғы қылығын бақылау үшін жіберген болатын. Полицейлердің бұл ойластырған тұзағына түскен азамат енді мені қайта тексермес деген болса керек, аялдамаға келген автобусты күтіп тұрып, жақын жердегі көп қабатты үйлердің бірінен алдын ала әзірлеп қойған бір қапты алып жүгіреді. Осы кезді күткен тәртіп сақшылары оны сол жерде қуып жетіп ұстайды.

Қолындағы қапты ашқызбауға тырысқан ол үйінде отынының жоқтығынан ескі мебель қалдықтарын алап бара жатқанымен сылтауратады. Бірақ ұрлыққа қатысы бар екенін нақты сезген полиция қызметкерлері қап ішіндегі екі дана колонка мен тағы да басқа заттарды тәркілеп алды.

Өзін қоя беруін жалына сұрағанымен қоймай, ұялы телефондарыңа "ақша салып беремін" деп пара ұсынған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

kaz.gazeta.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив