KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Семей тұрғыны сал болып қалған анасын өлтіргені үшін 5 жылға сотталды

28.02.2012, 18:00 153


Семейде жанжалдасу барысында өзінің сал болып қалған анасын өлтірген ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық сотынан хабарланды.
«Ішімдікке сылқия тойып алған Н.В.Гладких өзінің сал болып қалған қарт анасымен жанжалдасу барысында анасының қорғансыз күйін пайдаланып, соққының астына алған, әйел алған жарақаты салдарынан көз жұмды. Қылмыскердің кінәсі сотта айғақтармен толық дәлелденді», - деді ШҚО сотының баспасөз қызметінен.

«Жасалған қылмыстың қоғамдық қауiп-қатерiнiң сипаты мен деңгейін, айыпталушының тұлғасын, жауапкершiлiк пен жазаны жеңілдететін және қиындататын жағдайларды ескере отырып, сот Н.В. Гладкихті кінәлі деп тауып, 5 жылға бас бостандығынан айырды, жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өтейді», - деп атап өтті ведомства.

Үкім заңды күшіне енді.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив