KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Министрлік компьютерлік ойындардың балаларға психологиялық тұрғыда қаншалықты әсер ететінін сараптауды ұсынып отыр

28.02.2012, 18:00 112


Білім және ғылым министрлігі компьютерлік ойындар мен бағдарламалардың балаларға психологиялық тұрғыда қаншалықты әсер ететінін тексеруді ұсынып отыр.
Бұл туралы бүгін Астанада елімізде қосымша білім беруді дамыту мәселесіне арналған семинар-кеңесте мәлім болды.

Аталған ведомствоның Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаеваның пайымдауынша, бос уақытты компьютерлік ойындар, интернет клубтар мен ойын автоматтары секілді жерлерде өткізу күрделі проблемалардың біріне айналып отыр.

«Біздіңше, балалардың қатысуымен болатын осы тектес жұмыстарды лицензиялау мәселесін зерделеу керек. Осының аясында қазіргі кезде балалардың дамуына және педагогикалық тұтастық бойынша аталған бағдарламалардың психологиялық әсерін сараптау мен аккредитациялау тұрғысында жұмыстар жүріп жатыр»,-деп тоқталды ол.

Ж. Жонтаеваның пікірінше, жасөспірімдердің арасында қылмыстың жиілеуі, олардың темекіге, алкогольдік ішімдіктерге әуестенуі және діни ағымдарға тартылуы балалардың көбісінің мектептен тыс уақыттарында өздерімен-өздері жайбарақат жүруіне байланысты.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив