KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Қазынашылық комитетінің төрағасы Досмұқаметов өз еркімен атқарып отырған қызметінен босатылды

27.02.2012, 18:00 183


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы Қ.М.Досмұқаметов 2012 жылғы 24 ақпаннан бастап өз еркімен атқарып отырған қызметінен босатылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасының міндетін атқару 2012 жылғы 24 ақпаннан бастап осы Комитет төрағасының орынбасары Р.С.Нұрсейітовке жүктелді деп хабарлайды қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.


Досмұқаметов Қанат Мұхаметкәрімұлы қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша аяқтаған, біліктілігі «экономист». Экономика ғылымдарының кандидаты.


Еңбек жолын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде Банктік қадағалау департаментінің Банктік емес қаржы мекемелерін лицензиялау және банктік аудит бөлімінің жетекші маманы болып бастап, Лицензиялау басқармасы Лицензиялау бөлімінің бас экономисі, Әдіснама бөлімінің бастығы, Үйлестіру басқармасының бастығы, Қаржылық қадағалау департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеген.


2004 жылғы қаңтардан бастап 2006 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары қызметінде болған.


2006 жылдан 2009 жылға дейін қаржы ұйымдарында басшылық лауазымдарда, «КазАгро» Ұлттық холдинг» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарған.


Рақымжан Сайлауұлы Нұрсейітов Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді, экономист, бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша білім алды.
Ол 2009 жылғы 8 шілдеден бастап Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасы орынбасары міндетін атқарған.

Мәлiметтiң көзi: Қазақстан жаңалықтары




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив