KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Героин есірткі затын сақтаған азамат Өскеменде ұсталды

22.07.2013, 18:00 347


Өскемен қаласының ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлінісіне 1993 жылы туған азаматқа қатысты күдік тудыратын өмір салтын ұстанады, «героин» есірткі затын сақтайды және қолданады деген жедел ақпарат келіп түскен, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фигуранттың араласатын ортасын, өмір салтын, сондай-ақ мүмкін есірткі затын сатып алу және сақтау көздерін анықтауға мақсатталған жедел-іздестіру іс-шаралары өткізілген.

Нәтижесінде, 18 шілдеде Өскемен қаласының ІІБ қызметкерлері ШҚО ІІД жедел бөліністерімен бірлесе отырып, жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу барысында, Бажов көшесі бойында орналасқан дүкеннің жанында жұмыссыз, бұрын сотталмаған 1993 жылы туған В. есімді азаматты ұстады, оны жеке тінту барысында ұнтақ тәрізді зат салынған 2 полимер пакет табылды және тәркіленді. Сарапшының қорытындысына сәйкес: тәркіленген зат, салмағы 44 граммнан асатын, «героин» есірткі заты болып табылады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 259 бабының 1-1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Азамат тергеу изоляторында қамауда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив