KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Директордан 1 кг есірткі тәркіленді

2.05.2012, 18:00 131


ШҚО Ішкі істер департаменітінің жедел-іздестіру бөлімшесімен бірлесе отырып есірткіге қарсы күрес басқармасы Өскеменге бара жатқан жолда 31 жастағы ЖШС бастығын қолға түсірді, деп хабарлайды ІІД-не сілтеме жасаған Altaynews.kz тілшісі.

Одан оралған ақ-сары түсті ұнтақ табылған. Сараптама қорытындысы бойынша, табылған зат салмағы 338,19 гр героин екендігі анықталды. Ұсталған азаматтың Таулы Үлбі ауылындағы үйін тексеру барысында 7 полимер түйіншектері табылып, тәркіленген. Оның салмағы 692,97 гр болды. Сөйтіп ұсталған азаматтан барлығы 1 кг-нан артық героин тәркіленген. Бүгінде қылмыстық іс қозғалып, көлемді есірткінің алынған жерін анықтау мақсатында кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив