Қазақстанда алдағы наурыз айында жанар-жағармайдың (ЖЖМ) бағасы өзгермейді.
Бұл туралы Мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
ҚР Мұнай және газ министрлігінде ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және ЖЖМ-ға бағаны қалыптастыру тетіктері мәселелеріне арналған кезекті кеңес өтті. Кеңесте қабылданған шешімге сәйкес, 2012 жылдың наурызында республиканың жанармай құю стансыларында бөлшек сауда бағасы келесідей деңгейінде белгіленді: Аи-92/93 бензині литрі үшін - 106 теңге; Аи-80 литрі үшін - 86,0 теңге; дизельді отын литрі үшін - 90,0 теңге.