KZ
Өскемен
+12°
небольшая облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

Теміртаулық дәрігер есірткі препараттарын алу үшін «жалған» дәріқағаздар жазып отырған

22.02.2012, 18:00 142


Теміртау қаласы Тері-венерологиялық диспансерінің дәрігері 3 жылдан бері өмірде жоқ адамдардың атына психотроптық дәрі-дәрмектер алу үшін жалған дәріқағаз жазып келген, деп хабарлайды ҚР ІІМ есірткі бизнесімен күрес комитеті.
«Қарағанды облысы ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері есірткі бұйымдары мен психотроптық дәрі-дәрмектер айналымына мемлекеттік лицензиясы жоқ Теміртау қаласы Тері-венерологиялық диспансерін тексеру барысында аталған мекеменің дәрігері 2009 жылдан бері заңсыз түрде «нозепам» психотроптық затына жалған дәріқағаз жазып келгенін анықтады», - делінген хабарламада.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, медицина қызметкері дәріқағаздарды ойдан шығарылған өмірде жоқ адамдардың атына жазып, оларды қалалық дәріханалардан өзі алып отырған.

Тексеріс барысында мөр басылған екі толтырылмаған дәрі жазу бланкілері табылды. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив