KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
441.79 478.77 4.9

Жамбылдық хирургтер 2012 жылы жүрекке 250-ге дейін ота жасайды

22.02.2012, 18:00 126


Жамбыл облыстық ауруханасында кардиохирургия бөлімінің жұмыс істеп жатқанынан үш жыл болды, осы уақыттың ішінде жүрекке күрделі 150-ден астам ота жасалды.

«Жүрек аурулары жасарып келеді. Егер бұрын жүректің ишемиялық дерті кәріліктің белгісі болса, бүгінде оны үш жастағы балалардан да кездестіруге болады», - дейді кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Әбдутәліп Әшіров.

2012 жылы бұл бөлімде шамамен 250 операция жасау жоспарланып отыр. Бұл жүректің ишемиялық аурулары, балалар және ересектердің жүре пайда болған және туа біткен жүрек кеселдерін хирургиялық емдеу болып табылады.

Кардохирургиялық бөлім 20 төсекке есептелген, операциялық және реанимациялық бөлімдері бар. Бұл жерде 13 дәрігер және 27 кіші медициналық қызметкер жұмыс істейді. «Мамандарымыз Еуропаның үздік клиникаларында машықтанған, олардың жұмыстарының нәтижесі аса жоғары. Біз барлық заманауи жабдықтармен де толық қамтамасыз етілгенбіз», - деп атап өтті кардиохирургия меңгерушісі.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив