KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға арналды

29.09.2013, 18:00 116


Жарма ауданында бүкіләлемдік жүрек күні аясында жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға бағытталған «Сау жүрекке жол таңда» атты онкүндік өткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Онкүндік шеңберінде дәрігерлік амбулаториялардың денсаулық мектептерінде артериалды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы сияқты бірқатар тақырыптар бойынша дәрістер оқылды.

Сонымен қатар, жақында аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақтелеком» АҚ аудандық байланыс торабында, Қалбатау сорғы зауытында жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу мәселелері бойынша семинар-тренингтер өтті.

Дәрістерге қатысушылар ұйымдастырушыларға өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, оларға қанағаттанарлықтай жауаптар алды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив