KZ
Өскемен
+25°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОБ
450.79 482.21 5.05

Ақбас сиырмен атағы шығып, байыс қойымен байыған

21.02.2012, 18:00 153


Жарма ауданының әкімі Темірбек Қасымжанов-тың жұртшылықпен есепті кездесуінің алдында жергілікті кәсіпкерлердің өндіретін өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Осыдан-ақ ауданда ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлік жоғары маңызға ие екендігін байқауға болады.
Мәселен, Үшбиік ауылдық округіндегі «Сейілхан» шаруа қожалығындағы мал сою пункті бүкіл округ тұр-ғындарына қызмет көрсетіп келеді. Тапсырыс беруші өзіне көрсетілген қызмет үшін еттің бір келісіне алты-ақ теңге-ден төлейді. Тапсырыстың көбейгені соншалық, өндіріс көлемін ұлғайтып, жұмысшылардың санын 15-ке дейін жеткізу туралы шешім қабылданған. Ал Жарма аудандық КМК жармалықтарды сапалы пималарымен қамтып келеді. Сондай-ақ, ұлттық нақыштағы ою-өрнектерімен өрнектелген текеметтер мен алашалар, құрақ көрпелер де аталған кәсіпорынның шебер қолды жұмысшыларының еңбегі. Бұл жерде 64 адам өзіне жұмыс тауып отыр. Егер аудан аумағынан тыс жерлерден тапсырыстар болатын болса, оны да қабылдауға мүмкіндігіміз бар деп отыр кәсіпорын басшылығы.
Шуақ ауылындағы Асхат Омаровтың жетекшілігіндегі «Омаров» жеке кәсіпкерлігі шағын несие алып, құс басын өсіруді жолға қойып келеді. Қазір тәулігіне 1200 дана жұмыртқа өндіретін болса, келешекте 5000-ға дейін жеткізуді жоспарлауда. Өнімге сұраныс жоғары. Сауда нүктелеріне он данасы 170 теңгеден жеткізілуде.
Жармалықтар қол жеткен жетістіктермен тоқталып қалмақ емес. Аудан әкімінің есепті баяндамасын мұқият тыңдаған тұрғындар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын да жолдады. Ардагер, облыс Әкімінің аудан бойынша қоғамдық көмекшісі Т.Әубәкіров қымыз өндірісін қолға алсақ деген ұсынысын білдірді. «Бұл салаға облыс Әкімінің омарта және марал шаруашылығына көрсетілгендей қолдауы болса» дейді ол. Аудан орталығындағы өзекті мәселенің бірі – қоғамдық моншаның жоқтығы. Ол мәселе аудан әкімінің айтуынша, биыл шешімін тауып, әлеуметтік нысан іске қосылмақ.
Салынып жатқан цемент зауыты алдағы күндерде аудан халқына 500 жұмыс орнын ұсынбақ. «Қазақцемент» ЖШС басшысының орынбасары Нұрғазы Төлеудің айтуынша, жоба бүгінгі таңда 80 пайызға орындалған. Енді 20 млн. АҚШ долларын игеру қажет. Жылдың үшінші тоқсанында құрғақ тәсілмен цемент шығаратын зауытты іске қосу жос-парлануда.
Аудандық №1 медбірлестіктің жас дәрігері Әлигер Қапановтың сөзіне қарағанда, денсаулық сақтау саласына келген алты маманның бәріне де көтермеақы берілген, баспана алуға бюджеттік несие ұсынылған. Сондықтан аудан дәрігерлері де жауапкершілікті сезіне отырып, ауданның қоғамдық өміріне белсене араласады. Алғаш рет медбірлестік ата-ана қамқорлығынсыз қалған қызды толықтай патронаттық тәрбиеге алған. Бұл – өзгелерге үлгі боларлық жайт екені белгілі. Реанимобильмен, жылжымалы маммографпен қамтамасыз еткені үшін дәрігерлер рақмет айтуда. Енді рентген аппараты болса деген тілектері бар.
Суықбұлақ орта мектебінің мұғалімі, неміс этномәдени бірлестігінің мүшесі Л.Тоғызбаева ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына неміс ұлты өкілдерінің қосып жатқан үлесін таза қазақ тілінде жеткізді.
– Қазақы тәрбиемен сусындаған отбасының келіні ретінде жас ұрпаққа сапалы білім беріп қана қоймай, өңірдегі ұлттар бірлігіне, халықтар достығына өз үлесімді қосып келемін. Қазақстандықтардың бүгінгі жеткен жетістігі де осыдан бастау алатынын мақтан тұтамын, –дейді Лариса Рудольфовна.
«Ержан» шаруа қожалығының жетекшісі Мейірболат Тұяқбаев жеңілдетілген жанар-жағармай ауылға жақын маңайда орналасқан жанармай бекеттерінен тасымалданса дейді.
Аудандық мәслихат депутаты, «Жас Отан» жастар қа-натының мүшесі Дастан Мұхаметқалиев жастар қауымы-ның атқарып жатқан шаруаларын айта келе, оларға жасалып жатқан нақты қолдауларға тоқталды.
Аудан әкімі Темірбек Қасымжанов әлеуметтік-экономикалық жағдайға толық сараптама жасады. Өнеркәсіп өнімінің жылдық көлемі 13 пайызға артқан. Бақыршық кен өндіру кәсіпорнындағы металлургиялық кешеннің құрылысы бойынша жоба, «Қазақцемент» зауыты республикалық индустрияландыру картасына енген. Ауданға тартылған инвестиция өткен жылы екі есе көбейген. Ауылшаруашылығы саласында да жетістіктер көңіл толтырарлық. Қазақтың ақбас тұқымды сиыры, ба-йыс тұқымды қойы елімізге кең танымал. Мал шаруашы-лығы қарқынмен дамып келе жатқан Жармада 13 асыл тұқымды мәртебеге ие шаруашылық тіркелген. Шағын бизнес те қанатын жайып келеді. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасымен 30 адам 62 млн. теңгенің несиесін алып, кәсіптерін кеңейтіп отыр. Ұлттық бірыңғай тестілеуден аудан жоғарғы көрсеткішке ие. Биыл мектепке дейінгі балаларды толықтай балабақшамен қамту көзделуде. Бизнес-тің әлеуметтік жауапкершілігі аясында балаларға үлкен қолдау көрсетілуде. «Туған жерге – тағзым», «20 жарқын іс» акцияларының аясында әлеуметтік базаны күшейтуге аудандағы еңбек ұжымдары 316 млн. теңге бөлген.
Есепті кездесу барысында проблемаларға да маңыз берілді. Соған қатысты нақты шаралар қабылдау туралы шешім шығарылды.


Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив