KZ
Өскемен
+11°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, С
441.44 473.09 4.75

Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды

24.05.2013, 18:00 114


Темірбек Қасымжанов Өскемен қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қаланың жаңа әкімін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бүгін қала активінің жиналысында таныстырды. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар Т.Қасымжановтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Темірбек Жұмақұлұлы 2008-2009 жылдары осы лауазымда қызмет атқарған болатын. Одан кейін бүгінге дейін Жарма ауданының әкімі болып істеді.

Бердібек Сапарбаев Темірбек Қасымжановты жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына табыс тіледі.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив