KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
441.8 480.02 4.88

Қазақстанның солтүстік-батыс және батыс аумағында суық антициклонның ықпалы сақталады - 21 ақпанға арналған ауа райы

20.02.2012, 18:00 102


Қазақстанның солтүстік-батыс және батыс аумағында суық антициклонның ықпалы сақталады. Қазақстанның басым аумағы арқылы атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жел күшейеді, жекелеген аудандарда тұман, көктайғақ болады деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасай отырып, ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде.

Жамбыл облысында жекелеген жерлерінде тұман болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Арыс өзенінен басқа Оңтүстік Қазақстан облысындағы өзендердің денінде мұз қату процестеріне байланысты су деңгейлерінің ауытқуы байқалады. Су деңгейлерінің ауытқуы ағыс бойынша жалғасып, Шәуілдір жармасының су деңгейінің көтерілуіне әкеліп соғады. Сырдария өзенінде, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы өзендердің денінде мұз қату процестеріне байланысты су деңгейі көтеріледі. 21-22 ақпанда Шардара су қоймасына секундына 1450-1500 текше метр су құйылады деп күтілуде.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив