KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Циклон Қазақстанның батысына жауын-шашын, тұман, көктайғақ әкеледі - 1 наурызға арналған ауа райы болжамы

29.02.2012, 18:00 97


Қазақстан аумағының көптеген бөлігі 1 наурыз күні тұманды жауын-шашынсыз ауа райы күтілетін антициклон тарамдарында орналасады.

Республиканың батысында циклон өз әсерін сақтап, мұндағы кейбір жерлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде тұман түсуі күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда облыстарында кейбір жерлерде - тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-22 метрге дейін күшейеді.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарында күндіз желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі, Қарағанды облысында - кейбір жерлерде тұман түсуі күтілуде.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кейбір жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі сақталады, Батыс Қазақстан облысында онымен қоса бұрқасын тұрады.

Шығыс Қазақстан облысында - кейбір жерлерде жаяу бұрқасын, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтіледі.

Жақын тәуліктерде Сырдария өзенінде (Қызылорда облысының оңтүстігінде), Жамбыл және Алматы облыстарындағы төменгі таулы аймақтардың жекелеген өзендерінде мұз құбылыстарының әлсіреуі бақыланады. Арыс өзеніндегі «Арыс» гидроқұрылғысынан төмен жерлерде болып өткен тасқын толқынының таралуы есебінен су деңгейлерінің көтерілуі байқалады. 1-3 наурыз күндері Шардара су қоймасына 1420-1450 текше метр көлемінде су келіп түседі. Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген өзендерінде су деңгейлерінің ауытқулары байқалады.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив