KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 1 м/с, С
464.72 496.32 5.4

6 наурызға арналған ауа райы

5.03.2012, 18:00 230


Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді деп күтілуде.

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау және Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде, Жамбыл облысында желдің екпіні секундына 25 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, қарлы бұрқасын болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, Алакөл өзенінің ауданында желдің екпіні секундына 30 метрге дейін күшейеді.

Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында тұман болады деп күтілуде.

Алдағы уақытта Сырдария өзенінде, Жамбыл және Алматы облыс аумақтарының жекелеген өзендерінде мұз ериді. 6-7 наурызда Шардара су қоймасына секундына 1400-1420 текше метр су келеді деп күтілуде. Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы өзендерінде су деңгейлерінің ауытқуы байқалады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив