KZ
Өскемен
-8°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Бурабайдағы туристік кешеннің бірінші кезеңі күзде тапсырылады - Әсет Исекешев

20.02.2012, 18:00 177


Бурабайдағы туристік кешеннің бірінші кезеңінің құрылыс нысандары күзде тапсырылады.

Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

Туристік жобаларға тоқталған министр: «Елбасы Жолдауда республика бойынша талдау жасап, туризм саласындағы даму көздері бойынша ұсыныс енгізуді, сондай-ақ Бурабай курорттық аймағы мен Алматы тау-шаңғы курортының даму жоспарын қабылдауды тапсырды», - деп жеткізді.

Осы орайда ол, Қазақстанда туристік бизнесті дамытуға тиісті шаралар атқарылып жатқандығын атап өтті.

«Бірінші жоба Бурабайға негізделіп отыр. Президент Жарлығымен арнайы экономикалық аймақ құрылғаны белгілі. Оператор компания анықталды. Жобаны іске асыру 12 жылға негізделген. Және онда құрылыс бойынша 7 кезең қарастырылып отыр. Қазіргі кезде бірінші кезеңді іске асыру жүріп жатыр», - деді Ә. Исекешев.

Осы орайда министр, бірінші кезең аясында туристік кешен салынып жатқандығын, оның ішінде 420 орынға арналған қонақ үй, сауықтыру орталығының құрылыстары қамтылғанын жеткізді. Құрылыс алаңы 3 гектарға созылып жатыр. Жобаның алдын ала құны 90 млн. АҚШ долларын құрап отыр.

«Қазіргі кезде Қазақстанның Даму банкі несиелік желіні ашты. Бүгінде аталған жоба құрылыстарының 45 пайызы дайын. Бірінші кезеңдегі нысандарды тапсыру биылғы жылдың күзіне белгіленіп отыр»,-деді министр.

Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, бұл өңірдегі жобаларды іске асыратын жер телімдерін Бурабайдың мемлекеттік табиғи паркі аумағына енгендіктен, жерді запастағы жер уаскелеріне аудару туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі дайындап жатқан қаулыны тездету қажет. Туристік орталық құрылысы кезінде 5 мыңнан астам жұмыс орындары жасақталмақ.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив