KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

«Не? Қашан? Қайда?» спорттық ойыны бойынша Қазақстанның II чемпионаты өтеді

16.02.2012, 18:00 136


«18-19 ақпан күндері Астана қаласында «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының демеушілігімен «Не? Қашан? Қайда?» атты спорттық ойыннан Қазақстанның II чемпионаты өтеді», деп хабарлайды «Самұрық-Қызана» қорының қоғаммен байланыс департаментінің баспасөз қызметі.

Чемпионатқа Қазақстанның Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Өскемен және Шымкент қалаларынан 24 топ қатысады. Чемпионаттың құрметті қонағы мен қазылар алқасының мүшесі болып белгілі білімпаз, осы ойынның рекордшысы Анатолий Васерман шақырылды. Сонымен бірге дүниежүзінде жастар арасындағы үздік білімпаз, «Не? Қайда? Қашан?» элиталық клубының Хрусталь үкісінің иегері, 2010 жылғы дүниежүзілік чемпионаттың қола жүлдегері Григорий Алхазов келеді.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив