KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
471.46 504.79 5.53

Өскеменде волейболдан Азия чемпионаты өтеді

1.05.2017, 18:00 172



25-31 мамыр аралығында Өскемен қаласында волейболдан әйелдер арасындағы клубтық командалардың Азия чемпионаты өтеді.

Аталмыш жарысқа Қазақстаннан басқа 8 елдің командасы қатысады. Олардың ішінде Жапония, Қытай Вьетнам, Қытай Тайбэйі, Иран, Филлипин және Тайланд мемлекеттері бар.



Естеріңізге сала кетейік, бұл чемпионаттың қазіргі чемпионы Жапонияның «НЕК РедРокетс» волейбол командасы. Алайда Өскеменде өтетін жарыста жапониялық команданың атынан басқа клуб өнер көрсетпекші. Сонымен қатар, бұл бәйгеде 2018 жылы өтетін волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпиондарының қатысушылары іріктелетін болады.
Қазақстанның намысын еліміздің екі дүркін чемпионы «Алтай» клубы қорғайды. Ойындар Өскемендегі Спорт сарайында өтеді




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив