KZ
Өскемен
ясно жел 1,4 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Қазақстан өңірлерінде тағы да 11 индустриялық аймақтар құрылады

13.02.2012, 18:00 152


Жоспар бойынша Қазақстан өңірлерінде тағы да 11 индустриялық аймақтар құрылады.

Бұл жайында бүгін Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев айтты.

«Инвестиция тартудың тиімді құралдарының бірі - ол арнайы экономикалық аймақтар арқылы болмақ. Осы аймақтарды дамыту үшін барша заңнамалық база қалыптастырылды. Сонымен қатар мемлекеттік қолдаудың түрлі шаралары мен салықтық жеңілдіктер ескерілді»,-деді министр.

Ә. Исекешевтің сөзіне қарағанда, арнайы экономикалық аймақтарды бұдан әрі қарай дамыту бағытында ірі бизнес инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ішкі және сыртқы инфрақұрылымды аяқтау қажет. Екіншіден, инновациялық құрамдаушы дайын өнімді шығаруға бағытталған жобаларға талдау жүргізу қажет.

«Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында 5 индустриялық аймақ құрылды. Жоспар бойынша еліміздің тағы да 8 өңірінде 11 индустриялдық аймақты құру қарастырылып отыр. Олар белсенді жұмыстар жүріп жатқан Алматы және Ақтөбе қалаларын қамтитын болады",-деді министр.

ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив