KZ
Өскемен
-4°
ясно жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Интеллектуалдық ойын

8.02.2012, 18:00 147


Облыс жастарының интеллектуалды элитасын құруды мақсат еткен «Парасатты жастар лигасы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапхананың ІТ киіз үйінде «Зияткерлер клубының» қазақ тіліндегі алғашқы ойыны өткізілді. Көрермендермен бұл жолғы сайысқа түскен Құсманова Назым, Бақтыбаев Жігер, Қайратқызы Айнұр, Тұрсымбетов Әлібек сынды бес адамнан құралған Өскемен қаласының құрамасы – Данияр Тоқтарбаевтың құрамасы болды.


Көрермендерден алдынала түскен сұрақты команда мүшелері өзара талқыға салып, пікірлесе отырып, бір минуттың ішінде ортақ мәмілеге келіп бір ғана жауабын айтулары керек. Мәселен «Осы іспен б. з. д. 1 – ғасырда Помпей, ХХ ғасырда Бил Гейтс, ХХІ ғасырда Николай Герасимов айналысып келді. Аталған үш тұлғаны біріктіріп тұрған ол қандай іс?» Жауабы – «пираттармен күрес» екен. Помпей теңіз пираттарымен, Гейтс компьютерлік пираттармен, ал Герасимов ғарыштық пираттармен күрескен. Зияткер жастар бұл сауалға қате жауап бергенімен, ойын қорытындысында 6:5 есебімен жеңіске жетті. Ең белсенді, үздік ойыншы деп табылған Данияр Тоқтарбаевқа ойынның бас демеушісі -- А.С. Пушкин атындағы кітапхананың арнайы сыйлығы тапсырылды.
- Құрылғанына екі жыл ғана өткенімен, ұйымымыз облыстық, республикалық пікірсайыс турнирлеріне белсене қатысып келеді.Зияткерлер клубының бүгінгідей ба қосулары жүйелі түрде өткізіліп тұратын болады,-- дейді облыстық «Парасатты жастар лигасы» бірлестігінің төрағасы Серік Жүнісов.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив