KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

Облыстық дебат сайысы қызу өтті

3.04.2012, 18:00 192


Өскемендегі дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында Балалардың құқықтарын қорғау облыстық департаменті «Парасатты жастар лигасы» қоғамдық ұйымымен бірлесіп «Өз мәселеңмен жалғыз болма» атты облыстық дебат турнирін өткізді.

Бұл облыстық турнирге 14 команда, оның ішінде 10 команда қазақ лигасына: Өскемен, Семей, Риддер қалаларынан, Глубокое, Зырян, Катонқарағай, Тарбағатай және Ұлан аудандарынан, 4 команда орыс лигасына: Риддер қаласы, Глубокое, Зырян, Катонқарағай аудандарынан келген ең алғыр командалар қатысты.

Семей мен Риддер қалаларының командалары бірінші орын, ал екінші орынды Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты мен Катонқарағай ауданының командалары алса, үшінші орынға Өскемен қаласы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатынан «Әділет» және Зырян ауданының командасы ие болды.

Сонымен қатар, дебат қорытындысы бойынша «Үздік спикер» атағына ие болғандар анықталды. Бұл атақты қазақ лигасынан дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты «Статус» командасының спикері Меңдібаев Ануар, ал орыс лигасында Риддер қаласынан Согрешилин Александр қанжығасына байлады.

Барлық командаларға ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаменті, «Парасатты жастар лигасы» ҚҰ және «Статус» әйелдер федерациясының ұйымдастыруымен ескерткіш сыйлықтар, грамота мен сертификаттар тапсырылды.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив