KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
476.27 515.47 5.41

«Кинотеатрларда қазақ тіліндегі фильмдер жиі әрі ыңғайлы уақытта көрсетілсін!» - Петиция

5.12.2018, 12:16 193


«Кинотеатрларда қазақ тіліндегі фильмдер жиі әрі ыңғайлы уақытта көрсетілсін!» Еліміздің блогерлері осындай петиция жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі..


Петиция ұйымдастырушысы Бэлла Орынбетованың айтысынша, музыка тыңдап, кино көру арқылы кез келген тілді оңай үйренуге болады.



– Мәселен, ағылшын тілін үйрену үшін сол тілде музыка тыңдаймыз, кино көреміз. Everybody, my heart, winter is coming! Бұл сөздерді қайдан үйрендік? Жылына 3-4 рет прокатқа қазақша шығатын киноның өзін қазақ тілінде көре алмасақ, сорлы халық болғанымыз. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы осындай елене бермейтін, бірақ ел үшін зор маңызға ие сұрақтардың күрмеуін шешу үшін жарияланды, – деп жазды фейсбук парақшасында блогер Бэлла Орынбетова.


Айта кетейік, петицияны қолдаймын деушілер мына сілтеме сөзін басып, қол қоя алады.


– Сілтемеге өтіп қол қойған соң, поштаңыздан оны растаыңыз керек. Бұл өз еркіңізбен қол қойғаныңызды айғақтайды, – деді Бэлла Орынбетова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив