Елбасының алғашқы фотографы кім болған?
Мемлекет басшысының алғашқы жеке фотографы кім болғанын білесіз бе? Ол – Иосиф Будневич, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі "Жетісу" газетін нұсқап.
Егемен елдің фотоөнерінің бастауында тұрған тұлға 1992 жылдан бастап ғұмырының соңына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жеке фотографы қызметін атқарды. Иосиф Будневич Президенттің жеке фотографы болу арқылы көптеген елге сапарға шықты және шет мемлекеттегілер Қазақстан туралы ақпарат білгісі келсе, Будневичтің фотоларына жүгінетін.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек», – деп айтқаны бар. Елбасымыздың осы сөзін басшылыққа алып, Будневичтің фотолары арқылы кешегі күннің бейнесін назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Иосиф Будневичтің суреттері: