KZ
Өскемен
+30°
ясно жел 2 м/с, СШ
467.29 501.03 5.35

"Спартак" стадионы УЕФА талабына сай жасақталады

21.11.2018, 05:05 158


Семейдегі «Спартак» стадионы – қаланың маңызды спорттық кешені ғана емес, туристік нысан десек те болады. Еліміздегі көне стадион бастапқы кескін-келбетін сақтап қалған. Республикадағы бірінші электр табло да 1976 жылы осы стадионда орнатылыпты.



Қазақ топырағында тұңғыш ресми футбол командасы 1913 жылы Семей қаласында құрылып, ол «Ярыш» («Жарыс») деп атал­ғаны белгілі. Бұл «Спартактың» ғана емес, еліміздегі бүкіл команданың атасы десек болады. Бірден айталық, оның құра­мында жартылай қорғаушы болып заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов ойнаған. Алғашқы кездесуін Жаңа Семей командасымен өткізген «Ярыш» құрамасының сол кезде түскен фотосуреті де сақталған. Оның құрамында барлығы 24 ойыншы болыпты. 1914 жылдың 16 наурызында түсірілген суреттегі ойыншылардың аты-жөндері де белгілі. Бірінші қатарда: Ғабдрауф Сайфутдинов, Мидхат Мірсалімов, Молдабаев және Салах Хисматуллин; екінші қатарда: Жаббар Мұхамедшин, Әмір­жан Ситдықов, Мұха­ме­дулла Құрманов, Ғабделнәсір Миршанов, Сабыржан Ахмедшин, Ғабделбар Сайфутдинов; үшінші қатарда: Ғабделғазез Кәрімов, Омар Насибуллин, Бекметов, Ахметсәлім Кәрімов, Қасымжан Мұхаммедов, Ғабделхақ Ғаб­басов, Мұхтар Әуезов, Зиятдин Рысбаев; төртінші қатарда: Кәрім Бикмаев, Ғұсман Ям­бушев, Юнус Нигматуллин, Мұ­хам­мед Сайдашев, Рифкат Фаи­зов, Ғабделбар Ғұсманов тұр. Бұл сурет осы «Ярышты» құру­ға мұрындық болғандардың бірі Рахматулла Елкебаевтың қызы Халиданың қолында сақ­талған екен.



Бүгінде стадионның мұражайында осы ақпараттар сақталған. Сондай-ақ Тимур Сегізбаев, Құралбек Ордабаев, Естафия Пахлеваниди сынды еліміздің футбол тарихындағы атақты спортшылардың суреттері ілініп, құнды жәдігерлер қойылған. Паоло Мальдини, Луиш Фигу, Андрей Шевченко сынды әйгілі футболшылардың қолтаңбасы қойылған доптар да сақтаулы.



Мұражайдағы тағы бір қызықты жәдігер – 1905 жылы неміс тілінде шыққан футбол ережесі жазылған кітапша.


– Біздің футболшылар сол кезде осы ережемен ойнаған сықылды, – дейді Станислав Сәрсекеев.


Айта кетейік, мұражайдағы жәдігерлердің барлығы осы Қазақстан футбол федерациясының кеңесшісі Станислав Сәрсекеевтің жеке коллекциясынан алынған.



2013 жылы еліміздегі футболдың 100 жылдық мерейтойы тойланғанда, бұл стадион да жаңартылған болатын. Трибунасы мен алаңы жөнделген. Енді стадионды УЕФА талабына сай жасақтау үшін жоспар құрылып, жоба сызылып жатыр екен. Бұл туралы Экспресс К сайты жазды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив