KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, ОБ
478.96 533.03 5.22

Қажыбаев Гран-при жарысының қола жүлдегері атанды

12.11.2018, 11:57 181


Ташкентте өткен дзюдодан халықаралық Гран-при жарысында қазақстандық татами шеберлері екі жүлдеге ие болды. Оның бірі жерлесіміз Ерасыл Қажыбаевқа тиесілі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Айта кетейік, Өзбекстан астанасындағы додада семейік балуан 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көреткен болатын. Турнир барысында Қажыбаев ирандық Хамидреза Малекзадені, қырғызстандық Юрий Краковетскийді және үшінші орын үшін белдесуде өзбекстандық Ихтиор Калмуратовты таза жеңді. Жерлесіміз тек жартылай финалда ғана ресейлік Сослану Бостановқа жол беруге мәжбүр болды.


Бұл Ерасыл Қажыбаевтың 2018 жылы дзюдодан халықаралық деңгейде жеңіп алған алғашқы жүлдесі болғанын айта кету керек. Ташкенттегі бәсекеде семейлік балуаннан бөлек, Түркістан облысының өкілі Дидар Хамзаның (81 келіге дейінгі салмақ, алтын медаль) да қанжығасы майланған-ды.


Естеріңізге салайық, Шығыс Қазақстан облысының тағы бір тумасы Ерлан Серікжанов жарыс алдында жарақат алып, турнирге қатыса алмай қалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив